KPI полипропилені отандық өндірістің мүмкіндігін кеңейтуде
28.09.2026
Шымкент қаласында орналасқан Bal Carpet кілем фабрикасы — Қазақстанның оңтүстігіндегі полипропиленді өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі.
2023 жылдан бастап Bal Carpet өндірісте отандық полипропиленді қолдана бастады. Бұған дейін компания шикізатты Ресей мен Қытайдан импорттайтын.
Фабрика жыл сайын 6 млн шаршы метрден астам кілем және кілем бұйымдарын шығарады. Қазір кәсіпорында KPI өндірген PP H253 FF/7 маркалы полипропилен пайдаланылады. Одан алдымен полипропилен жібі өндіріледі, кейін бұл жіп кілем тоқуға қолданылады. Өндірістік қуаты минутына 2 600 метрден астам жіп өндіруге мүмкіндік береді.
Отандық шикізатқа көшу кілем өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өзіндік құнын 15–20% төмендетуге ықпал етті. 2024–2025 жылдары Bal Carpet KPI-ден 2 800 тоннадан астам полипропилен сатып алды.
Бүгінде фабрика 1 500-ден астам өнім түрін өндіреді. Оның өнімдері Қазақстандағы және шетелдегі 400-ден астам сауда нүктесі арқылы сатылады. Bal Carpet өнімдері Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қытай нарықтарына да жеткізіледі. Кәсіпорын 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Bal Carpet KPI-мен тұрақты жұмыс істейтін 181 кәсіпорынның қатарында. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2022 жылы KPI зауыты іске қосылған кезде компанияның осындай клиенттерінің саны небәрі 15 болған еді.