Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңа Конституция — ел дамуының маңызды кезеңі

13.03.2026

ҚМГ алаңында Жалпыұлттық коалиция штабының және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдерінің кездесуі өтті. Іс-шара барысында еліміздің жаңа Конституциясының негізгі бағыттары талқыланып, алдағы референдумның маңызы сөз болды.

Кездесу барысында референдум — азаматтардың мемлекеттік шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуының маңызды тетігі екені атап өтілді. Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер құқықтық жүйені жетілдіруге, қоғамның тұрақты дамуына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған.

— Конституция — мемлекеттің негізгі заңы. Оны жетілдіру — қоғамның дамуына сәйкес келетін маңызды үдеріс. Сондықтан алдағы референдум әр азаматтың ел болашағына қатысты пікірін білдіруіне мүмкіндік береді, — деді Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы.

Айта кетсек, жаңа Ата Заңды талқылау бойынша іс-шаралар ҚМГ-ның барлық еншілес кәсіпорындарында өтті. Өңірлердегі еңбек ұжымдары жаңа Конституцияны қолдап, азаматтарды биылғы 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Жақсыбек Құлекеев елде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызы зор және мемлекеттігімізді нығайтуға бағытталғанын атап өтті. 

— Жаңа Конституция жобасындағы өзгертулер шамамен 84% қамтиды. Ең алдымен, олар адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Бұдан бөлек, ғылым мен инновацияны дамытуға қатысты нормалар алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіліп отыр. Аталған бастамаларды сәтті жүзеге асыру үшін халықтың және қоғамның қолдауы қажет, — деді Ж.Құлекеев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>