Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз жоба менеджерлерінің пулын қалыптастырады

28.09.2023

Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында жобаларды басқаруға арналған Алғашқы конференция өз жұмысын аяқтады. Іс-шараны ҚМГ Стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаменті ұйымдастырды.

Конференцияның ашылуында ҚМГ Басқарма Төрағасының орынбасары Болат Закиров сөз сөйледі.

Екі күнге созылған жиынға ірі күрделі жобаларды іске асыратын «ҚазМұнайГаздың» корпоративтік орталығының және еншілес мекемелердің басшылары қатысты. Қызығушылық танытқан басқа қызметкерлер онлайн-трансляция арқылы қатыса алды.

2020 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін жоспарлы түрде енгізіп келеді. ҚМГ тобында жобалық басқарудың деңгейін арттыру мақсаты қойылған. Оған қол жеткізу үшін арнайы әдіснама жасалды, жобаларды басқару құралдары енгізілді, жобаларға жетекшілік ететін қызметкерлерді орталықтандырылған оқыту және негізгі жобаларды сүйемелдеу жүргізілуде.

Конференцияда ірі күрделі жобаларды жоспарлау және іске асыру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Форумда жобаларды дайындаудың, құрылысын жүргізудің және үйлестірудің басты аспектілері қаралып, жобаларды басқарудың озық тәжірибелері талданды. Спикерлер ретінде ҚМГ мен еншілес компаниялардың жоба жетекшілері де, жобалық басқару саласындағы танымал сарапшылар да сөз сөйледі.

Жалпы, енді жыл сайын өткізілетін бұл конференция «ҚазМұнайГаз» тобының қызметкерлері арасында жобалық басқаруды ілгерілету және жобалық менеджерлер пулын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың тұтас кешенін бастап берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>