Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент мұнай өңдеу зауытында комплаенс-мәдениетті дамыту талқыланды

01.11.2024

2024 жылы 1 қарашада Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПҚОП» ЖШС) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған семинар өтті.

Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлері, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC – ПҚОП екінші акционері) өкілдері және ҚМГ комплаенс мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің маңызды аспектілерін, қауіп-қатерлерді азайту және корпоративтік этика деңгейін жоғарылату әдістерін талқылады.

Жиында салалық заңнамадағы өзгерістерге және корпоративтік жауапкершіліктің негізгі қағидаттарына ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушылар комплаенс-мәдениетті дамыту, жұмыс процестерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді қолдануға қатысты барлық сұрақтарына жауап алды.

Жалпы, осындай іс-шараларды үнемі ұйымдастыра отырып, комплаенс-қызмет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін корпоративтік мәдениетті жетілдіруге жан-жақты жәрдемдесіп келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>