Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ тобының комплаенс-офицерлері семинарда «E-Compliance» жүйесінің мүмкіндіктерін талқылады

28.02.2025

Астанада «E-Compliance» комплаенс-функцияларының бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану, сондай-ақ жаңа редакциядағы «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс-функция бойынша корпоративтік стандартының талаптары бойынша семинар өтті.

Іс-шараны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметі комплаенс-офицерлердің құзыреттілік деңгейін арттыру, жаңартылған комплаенс-функцияларды тиімді енгізу және ҚМГ тобында комплаенс-мәдениетті ілгерілету үшін ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар (ҚазМұнайГаз корпоративтік орталығы мен еншілес ұйымдарының комплаенс-офицерлері, «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері, сондай-ақ «E-Compliance» бағдарламасын әзірлеушілер) осы ақпараттық жүйемен жұмыс істеу егжей-тегжейін талқылады. «E-Compliance» өтініштерді өңдеуді, ақпараттандыру арналарын басқару (жедел желі) мен контрагенттерді тексеруді қоса алғанда, процестердің автоматтандырылуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» корпоративтік стандартының жаңа редакциясын қолданудың практикалық мәселелері қаралды. Оқуға қатысушылар тәжірибе алмасып, комплаенс-процестерді оңтайландыру үшін шешімдер ұсынды.

Жалпы, мұндай семинарлар – ҚМГ-ның комплаенс-функцияларды дамыту мен комплаенс тәуекелдерін басқарудың озық практикаларын енгізу бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>