Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ комплаенстың озық стандарттарын қолдайды

05.06.2024

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелері үшін KPMG қолдауымен ҚМГ Комплаенс қызметі ұйымдастырған тренинг өтті.

Тренингтің тақырыбы: «Этикалық негіздерді нығайту, сондай-ақ директорлар кеңесі мен басқарманың ұйымның комплаенс жүйесін қалыптастыру мен қолдаудағы рөлі». ҚМГ топ-менеджерлері өз жұмысында тиімді қолдану үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ этика кодексінің қағидаттары мен ережелерін егжей-тегжейлі қарап шықты.

Жалпы, қызметтің осы бағытына басшылықты тарту басқару тиімділігін арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұлттық компанияда этикалық мінез-құлықтың жоғары стандарттарын сақтауға әсер етеді. «ҚазМұнайГаз» комплаенс саласындағы ең жоғары стандарттарды қолдауға ұмтылып отырады, топ-менеджментті үнемі оқыту және олардың құзыреттерін үздіксіз дамыту осыған дәлел.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>