Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ цифрлық шешімдерді енгізу арқылы өндірістік қауіпсіздікті нығайтуда

04.08.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Іс-шараға ҚМГ басшылығы, 40 еншілес және тәуелді ұйымның, «Теңізшевройл», North Caspian Operating Company, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компанияларының, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары қатысты.

Қатысушылар өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету, қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, осы бағытта цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен алмасты.

ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев өз сөзінде ұлттық компанияның өндірістік нысандарында жасанды интеллект негізіндегі цифрлық шешімдердің кеңінен енгізіліп жатқандығын атап өтті. Заманауи технологиялар өндірістік тәуекелдерді азайтуға, оқыс оқиғалардың алдын алуға және еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Атап айтқанда, ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорындарында «TUMAR» интеллектуалды жүйесін кеңінен енгізу жұмыстары жалғасуда. ҚМГ әзірлеген бұл жүйе қауіпсіздік талаптарының бұзылуын автоматты түрде анықтап, қауіп төнген жағдайда жарық немесе дыбыстық дабыл береді. Бұл жабдық бүгінде кен орындарында ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін 60 бригадаға орнатылды.

Сонымен қатар мұнай өңдеу зауыттарында жеке қорғаныс құралдарының болуын және олардың дұрыс пайдаланылуын бақылайтын, қауіпті аймақтардағы қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілерін анықтайтын «Computer Vision» жобасы іске асырылуда.

Өз кезегінде, 14 еншілес және тәуелді ұйымда енгізілген электрондық наряд-рұқсат жүйесі аса қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау процесін толық цифрландыруға мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, көлік қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда. «Сапарларды басқару» жобасы көлік қозғалысының жылдамдығын, геолокациясын және маневрлерді бақылауға ықпал етті.

Жалпы алғанда, қолданыстағы цифрлық технологиялар Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ерекше маңызға ие.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>