Жұмысшыларға жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасау — басты назарда
19.11.2025
«ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) Шымкент мұнай құбыры басқармасына қарасты «Шағыр» мұнай құю пунктінде (МҚП) жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысын аяқтады.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қаңтар айында басталған. Жалпы ауданы 1243 м² жертөлесі бар екі қабатты бұл заманауи ғимарат вахталық әдіспен жұмыс істейтін 25 қызметкерге арналған. Жобалау кезінде эргономика, қауіпсіздік және жайлылық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Жаңа ғимарат тиімді жұмыс пен толыққанды демалыс үшін барлық қажетті жағдайлармен жабдықталған: мұнда демалыс бөлмелері, жуынатын бөлме, асхана, жаттығу залы, оқу сыныбы және инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған кабинеттер бар. Заманауи желдету, жылыту, байланыс және автоматтандыру жүйелері қызметкерлердің қауіпсіздігін және қолайлы жағдайын қамтамасыз етеді.
Биыл қыркүйек айында «Шағыр» МҚП-да аумағы 648 м² футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған спорт алаңы да ашылған болатын.
Жоба — «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өндірістік нысандар инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстарының бір бөлігі.
2024-2025 жылдары компания жалпы ауданы 10 274 м² әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын және күрделі жөндеуін жүзеге асырды.
Компания сонымен қатар отандық тауар өндірушілерді үнемі қолдап келеді: нысандарды салу кезінде блокты-модульдік құрылымдар, жабдықтар мен материалдардың қазақстандық өндірісі қолданылады.
Аталған жоб