Қазақтеңізкөлікфлоты Транскаспий халықаралық көлік бағытында контейнерлер тасымалдау көлемін ұлғайтты
03.06.2026
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы - «Қазақтеңізкөлікфлоты» биыл мамыр айында Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы (ТХКБ) «Ақтау – Алят (Баку)» желісі бойынша жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) 7 451 контейнерді тасымалдап, рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді.
Жоғары нәтиже «Барыс» , «Бүркіт» , «Сұңқар» контейнерлік кемелер, сондай-ақ «Түркістан» және «Бекет Ата» құрғақ жүктерді тасуға арналған кемелер арасында жүк ағынын тиімді бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Бұл порттар арасындағы кеме қатынасының қарқынын арттыруға мүмкіндік берді.
Қазақтеңізкөлікфлоты — ТХКБ аясында теңізбен тасымалдайтын ресми тіркелген компания. Ол 2019 жылдан бастап өз күшімен Ақтау мен Алят айлақтары арасында 210 мың ЖФЭ тасымалдады, бұл шамамен 2,7 млн тонна жүк көлеміне тең.