Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының бағдарламасы бойынша болашақ теңізшілердің екінші легі оқуын бастады

11.09.2026

Қазақтеңізкөлікфлоты (ҚТКФ, ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы) ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясымен бірлесіп, отандық теңіз саласына мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасының екінші легіне қатысушыларды іріктеуді аяқтады.

Болашақ он теңізші оқуына кірісті. Төрт жыл бойы курсанттар сауда кемелерінде жұмыс істеу үшін қажетті халықаралық стандарттар мен кәсіби дағдыларды меңгереді.

Бағдарлама «кеме жүргізу» және «кеме механикасы» бағыттары бойынша кадрлар даярлауға арналған. Білім беру гранты оқу ақысын, жатақхана және шәкіртақы төлемдерін толық қамтиды. Сонымен қатар келешекте ҚТКФ кемелеріне жұмысқа орналастыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде өткізілді. Мектеп түлектері тест тапсырып, мотивациялық хат ұсынды және олармен сұхбат жүргізілді. Оқу ағылшын тілінде өтеді, сондықтан ағылшын тілін білу — міндетті талап болды.

Жоба қазақстандық теңіз мамандарының жаңа буынын даярлауға және ұлттық сауда флотының кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>