Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГазда еліміздегі сутегі энергетикасының келешегі талқыланды

21.05.2025

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (ҚМГИ - ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы) сутегі энергетикасы тақырыбына қатысты семинар өткізді. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған іс-шара биыл кеңейтілген форматта өтіп, оған алғаш рет мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, халықаралық ұйымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері тартылды.  
 
Семинар жұмысына Қазақстан, Норвегия, Италия, Германия, Швейцария, Үндістан және Жапония сарапшылары, сондай-ақ Casale, Linde, Rystad Energy, Carbon Limits және басқа да компаниялардың мамандары қатысты.
 
Бағдарлама өндіріс технологиясынан бастап қолдану, сақтау, тасымалдау және нормативтік-нарықтық негіздерге дейінгі сутегі құнын құрудың толық тізбегін қамтыды. Қатысушылар «жасыл» (жаңартылатын энергия көздерін негізінде), «көк» (көмірқышқыл газын тұтумен бірге) және «ақ» (геология көздерінен) сынды сутекті өндірудің түрлі тәсілдерін талқылады.

Сонымен қатар ҚазМұнайГаз төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында ҚМГ Инжинирингпен бірлесіп әзірлеген Қазақстанның Цифрлық сутегі атласы таныстырылды. Атлас экологиялық ортаға аз әсер ете отырып, елдегі сутегі өндірісінің түрлі сценарийлері мен мүмкіндіктерін талдауға көмектеседі.

Бұдан басқа металлургияны қоса алғанда, өнеркәсіпте сутекті қолдану перспективалары, сондай-ақ оны тасымалдау мен сақтау мәселелері қаралды. ҚМГИ зертханасының ғылыми жобаларымен бірге отандық бастамаларға ерекше назар аударылды.

Жеке сессия заңнамалық және нарықтағы аспектілерге, соның ішінде реттеу, халықаралық стандарттар мен баға белгілеу мәселелеріне арналды. Бұл инвестиция тарту мен экспортқа шығуда аса маңызды.

Айта кетсек, 2022 жылдан бастап ҚМГИ базасында бірегей зертхана жұмыс істейді, онда сутекті қауіпсіз сақтау мен тасымалдау технологияларын әзірлеу және өнеркәсіпке енгізу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>