Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Кадрлық әлеуетті дамыту: ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері Румынияда біліктілігін арттыруда

17.04.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Румыниядағы KMG International базасында қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының мамандарын кәсіби дамыту бойынша халықаралық бағдарламаны іске асыруда.

Бағдарлама инженерлік және басқарушылық біліктілікті арттыруға, озық өндірістік практикаларды үйренуге және қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Мұндай формат теориялық дайындықты, тәлімгерлермен жұмыс жасауды, сондай-ақ өндірістік процестерге қатысуды көздейді.

Бағдарлама бойынша кезекті конкурстық іріктеудің қорытындысына сәйкес «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Павлодар мұнай-химия зауыты», «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» және «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің жеті қызметкері анықталды.

Екі жылдық бағдарлама аясында мамандар мұнай өңдеудің заманауи технологиялары саласындағы практикалық дағдыларын шыңдап, өз білімдерін толықтырады, сондай-ақ басқару, өнеркәсіптік қауіпсіздік және операциялық тиімділік бойынша халықаралық стандарттарды қолдануды меңгереді. Елге оралғаннан кейін олар өз тәжірибелерін ҚМГ-ның зауыттарында пайдаланып, өндірістік процестерге енгізетін болады. 

Алдыңғы жылдары оқып келген мамандардың нәтижелері бұл бастаманың тиімді екенін растады. Бүгінде халықаралық тәжірибені меңгерген қызметкерлер отандық зауыттарды дамытуға белсене атсалысып жүр.

Бағдарлама Қара теңіз аймағындағы ең ірі және технологиялық тұрғыдан дамыған мұнай өңдеу зауыттарының бірі — «Петромидияда» (Румыния) жүзеге асырылуда. Кәсіпорын KMG International құрылымына кіреді және ҚМГ-ның — негізгі еуропалық активі болып саналады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>