KMG International 2026 жылғы төрт айдың қорытындысы бойынша қызмет көрсеткіштерін жақсартты
01.06.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еуропалық активі — KMG International 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында өндірістік-қаржылық қызметін қорытындылады. Компанияның негізгі операциялық және қаржылық көрсеткіштері былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсім көрсетті.
Есепті кезеңде «Петромидия» мұнай өңдеу зауыты 1,67 млн тонна шикізат өңдеді, бұл зауыттың жобалық қуатының 98,3% сай келеді. Мұнай өнімдерін шығару көлемі 1,59 млн тоннаны құрады, соның ішінде:
- дизель отыны – 743 мың тонна;
- бензин – 436 мың тонна;
- авиаотын – 136 мың тонна.
KMGI-ге қарасты ритейл компанияларының сатылымы 9%, яғни 934 мың тоннаға ұлғайды. Бұл - негізінен Румыния мен Молдовадағы көтерме сауданың ұлғаюының нәтижесі. Басқа (отынға жатпайтын) тауарларды сату көлемі 15% өсіп, $17,6 млн жетті.
Операциялық көрсеткіштердің жақсаруы есебінен KMGI қаржылық нәтижелерін айтарлықтай нығайтты.
- Шоғырландырылған EBITDA $160 млн құрады, бұл былтырғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен екі есе артық.
- Таза пайда бір жыл бұрынғы $23 млн шығынымен салыстырғанда $75 млн жетті.
EBITDA өсуіне қомақты үлесті өңдеу сегменті қамтамасыз етті, оның көрсеткіші $14 млн-нан $82 млн дейін артты. Трейдинг және жеткізу тізбегі сегментіндегі EBITDA бір жыл бұрынғы $7 млн қарағанда $25 млн дейін ұлғайды. Ритейл сегментіндегі EBITDA тұрақты деңгейде - $43 млн болып сақталды.