Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚМГ Инжиниринг» қызметкерлері Атырауда су басу қаупі бар нүктелерді анықтады

09.04.2024

Өткен демалыс күндері «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау филиалының қызметкерлері дронның көмегімен Астрахань-Атырау тас жолынан Атырау қаласының оңтүстік шекарасына дейін Қара өзек каналына мониторинг жүргізді. Қара өзек каналы Жайық (Орал) өзенінен бастау алады.

Олар су көтерілу кезінде кептелістердің пайда болуына қауіп төндіретін нүктелерді анықтады, сонымен қатар су ағынының кедергісіз өтуі үшін кейбір жасанды кедергілерді бұзу туралы ұсыныс жасады. Оған қоса, «ҚМГ Инжиниринг» мамандары қажет болған жағдайда артық суды бұру бағыттарын қарастырды.

Мониторинг нәтижелері мен дроннан түсірілген суреттер Атырау қаласы және Атырау облысының әкімдігіне берілді.

Су деңгейін одан әрі бақылау үшін «ҚМГ Инжиниринг» 9-12 сәуір аралығында Қара өзек каналының жағасында кезекшілік ұйымдастырды. Сондай-ақ мамандар өзеннің Астрахань-Атырау тас жолымен қиылысатын жерінде су деңгейін көрсететін металл немесе ағаш бағана (шкала) орнатады.

Сонымен қатар, «ҚМГ Инжиниринг» бас кеңсесінің қызметкерлері Атыраудағы су тасқынымен күреске қажет материалдарды (күрек, қолғап, қап және т.б.) сатып алу үшін 1,5 млн теңгеден астам қаражат жинады. Компания ұжымы материалдарды таңғы сағат 03.00-ге дейін тиеді.

«ҚМГ Инжиниринг» Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшылығына, Air Astana әуекомпаниясының, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы мен Атырау қаласының, Astana Logistic Service, АТМА және басқа да компанияларға Атырауға материалдарды тасымалдауға жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>