Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KMG International Петромидия мұнай өңдеу зауытының резервуар паркін жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда

08.09.2026

Компания биыл бес резервуардың күрделі реконструкциясы мен жаңғырту іс-шараларын жүргізуде. Нәтижесінде шикізат пен мұнай өнімдерін сақтаудың жалпы көлемі 20% ұлғаятын болады, сондай-ақ технологиялық процестердің сенімділігі мен сақтау инфрақұрылымын пайдалану тиімділігі артады.

Биыл аяқталған негізгі жобалардың бірі – дизель отынын шығару кезінде қолданылатын дистилляттарды сақтауға арналған резервуарды ауыстыру болды. Заманауи технологиялық жүйелермен және қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған жаңа резервуар бой көтерді. Осылайша, нысанның сыйымдылығы 5 мың текше метрден 6 мың текше метрге дейін өсті.

Сонымен қатар бензин сақтауға арналған резервуардың сыйымдылығын 5 мың текше метрден 6 мың текше метрге дейін, ал дизель отыны мен компоненттерін сақтауға арналған екі резервуардың әрқайсысын 10 мың текше метрден 12 мың текше метрге дейін ұлғайту көзделген.

Бұдан бөлек, сыйымдылығы 57 мың текше метр шикі мұнайды сақтауға арналған резервуарды жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, бұл нысанның өндірістік процестің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызы зор.

Жобаларды іске асыру барысында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше ден қойылған. Әр нысанның жұмыстарына 100-ге жуық маман жұмылдырылған.

Жаңғырту іс-шаралары кезінде арнайы домкраттардың көмегімен құрылымдарды гидравликалық көтеру технологиясы қолданылады. Бұл әдіс резервуардың монтажын шатырдан және қабырғаның жоғарғы жақтарынан бастап жүргізуге мүмкіндік беріп, биікте орындалатын жұмыс көлемін едәуір азайтады, персоналдың қауіпсіздік деңгейін арттырады және құрылыс мерзімін оңтайландырады.

Бұл бастамалар кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын дамытудың ұзақмерзімді бағдарламасы аясында қолға алынды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>