Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстандық тауарлар алғаш рет Румыниядағы KMG International жанармай құю станцияларында сатылымға шығарылды

24.04.2026

Rompetrol жанармай құю станцияларында Made in KZ маркасымен шығарылған кондитерлік өнімдер, шай және басқа да тауарлар ұсынылуда.

Жоба ұлттық брендтерді халықаралық нарыққа таныстыру және отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейту мақсатында жүзеге асырылуда.

Пилоттық кезең тұтынушылардың сұранысы мен қалауын бағалауға мүмкіндік береді. Нәтижелер оң болса, өнім түрлері біртіндеп көбейтіліп, жоба Румыниядағы және жақын шетелдердегі Rompetrol жанармай құю станцияларының бүкіл желісіне енгізілетін болады.

Қазіргі кезде ұлттық тауарлар 24 жанармай құю станциясында қолжетімді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>