KMG International 2026 жылдың тоғыз айындағы қызметін қорытындылады
20.10.2026
Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған EBITDA көрсеткіші $469 млн құрап, былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 73% өсті. Таза пайда $269 млн жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 219% ұлғайды.
Есепті кезеңде «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында 4 млн 87 мың тонна шикізат өңделді.
Бір тәуліктегі орташа өңдеу деңгейі 14,67 мың тоннаны құрап, зауыттың жобалық қуатының шамамен 97% тең болды. Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3 млн 977 мың тоннаға жетті, оның ішінде:
- дизель отыны — 1 млн 793 мың тонна;
- бензин — 1 млн 103 мың тонна;
- Jet A-1 авиациялық отыны — 369 мың тонна.
KMGI-ға қарасты ритейл компанияларының мұнай өнімдерін сату көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5% өсіп, 2 млн 272 мың тоннаға жетті. Бұған негізінен Румыниядағы көтерме сауданың өсуі және Молдовадағы сатылым көлемінің артуы себеп болды.
Румыниядағы басқа (отынға жатпайтын) тауарларды сату және қызмет көрсету көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% өсті. Бөлшек сауда сегментінің EBITDA көрсеткіші $87 млн құрады.
Жалпы, компания операциялық тиімділікті арттыру, өндірістік активтердің сенімділігін қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты нығайту бағытындағы іс-шараларды іске асыруды жалғастырып келеді.