Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ADIPEC-2025: ҚазМұнайГаз негізгі «жасыл» жобаларын таныстырды

05.11.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Абу Дабидегі (БАӘ) ADIPEC 2025 халықаралық мұнай-газ көрмесі аясында өткен Мұнай-газ саласын декарбонизациялау хартиясына (Oil&Gas Decarbonisation Charter, OGDC) қол қойған мұнай-газ компаниялары басшыларының 2-кездесуіне қатысты. 

ҚМГ басшысы панельдік пікірталаста сөйлеген сөзінде компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясы туралы айтты. Ол ҚазМұнайГаз жаһандық сын-қатерлер жағдайында мұнай-газ саласындағы ұлттық көшбасшысы мәртебесін сақтап қана қоймай, процестерді оңтайландыру, цифрлық шешімдер мен озық технологияларды енгізу арқылы операциялық тиімділікке ерекше назар аударып, заман талабына сай барынша бейімделуде.

— Қазіргі уақытта компания ағымдағы операциялық қызмет, мұнай-химия бизнесі мен «жасыл» жобаларды дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтауға басымдық беріп отыр, — деді А.Хасенов. 

ҚМГ дәстүрлі бизнесте геологиялық барлау бағытына ден қойып отыр. Бұл елдің минералды-шикізат базасын нығайтуға және жетекші әлемдік компанияларды серіктес ретінде тартуға ықпал етеді. Өсудің тағы бір драйвері — мұнай-газ химиясы. «Полипропилен» және «Полиэтилен» сияқты жобаларды іске асыру және басқа да мұнай-химия өндірістерін ашу шағын және орта бизнесті дамытуға көмектеседі, сонымен қатар инновациялық кәсіпкерлік пен технологиялық прогресс үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. ҚМГ-ның барлық жобасы экологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізілуде. 

ҚазМұнайГаз жаңартылатын және баламалы энергия жобаларына инвестиция салу арқылы Қазақстанда төмен көміртекті дамытуға үлес қосуда. Eni және TotalEnergies компанияларымен бірлесіп, жалпы қуаты шамамен 1,3 ГВт болатын Орталық Азиядағы ірі ЖЭК жобаларын іске асыруда. 2025 жылы қыркүйекте ҚМГ мен Eni Жаңаөзенде күн электр станциясын іске қосты. 

Сондай-ақ компания көміртекті тұту, пайдалану және сақтау (CCUS), тұрақты авиациялық отын өндіру (SAF), таза сутегі көздерін құру сияқты инновациялық және төмен көміртекті технологияларды қолдану бағыттарын зерттеп жатыр. Атырау қаласында еліміздегі алғашқы ҚМГ-ның сутегі технологиялар зертханасы жұмыс істеп тұр.

ҚМГ төмен көміртекті дамытудың 2026 жылға дейінгі бағдарламасын жаңартып, көмірқышқыл газының (CO₂) шығарынды көлемін 2031 жылға қарай 15%-ға, ал 2060 жылға қарай 64%-ға азайту мақсаттарын белгіледі.

— Біз үшін халықаралық ынтымақтастық — инвестицияларды тарту, озық технологияларды енгізу ғана емес, жаһандық энергетика мақсаттарына сай келетін практикалық шешімдерді бірлесіп іздеу мүмкіндігі, — деп қорытындылады ҚМГ басшысы.

Анықтама: 
OGDC — БҰҰ-ның Дубайдағы климаттың өзгеруі жөніндегі 28-конференциясында (COP28) басталған жаһандық салалық бастама (бастаманы көтерген — Dr. Sultan Al Jaber, COP28 President). Негізгі мақсаты — мұнай-газ секторындағы климаттық әрекеттерді жеделдету және шығарындыларды азайтуға айтарлықтай қол жеткізу. ҚМГ OGDC мұнай-газ саласын декарбонизациялау жөніндегі хартияға 2023 жылы COP28 алаңында қосылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>