Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«КазМұнайГаз» климатты жақсартуға бағытталған жаһандық бастамаға үлесін қосуда

24.10.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Бейжің қаласында «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында Қытайдың CNPC компаниясы ұйымдастырған энергетика саласындағы серіктестікті дамытуға арналған «дөңгелек үстелдің» III отырысына қатысты.

Д.Макеев іс-шарада сөйлеген сөзінде қазіргі таңда ҚМГ тұрақты дамудың жаңа бағдарламасы аясында құн тізбегін кеңейту мәселесіне жіті назар аударатынын айтты. Компанияның алдағы жылдарға арналған стратегиясының негізгі міндеттері – Каспий құрлығында да, қайраңында да қосымша барлау есебінен қорларды ұлғайту және әртараптандыру мақсатында мұнай-химия бизнесін одан әрі дамыту.

«ҚазМұнайГаз» ESG қағидаттарын және көмірқышқыл газының шығарындысын азайту жоспарларын да ұстанып, климат өзгеруінің жалпы әлемдік проблемасын шешуге үлес қосуда. 2031 жылға қарай климат факторларын және көмірсутегі ізін азайтудың басты мақсаттарын анықтайтын корпоративтік Төмен көміртекті стратегия әзірленді.

Бірнеше жыл қатарынан ҚМГ тұрақты даму және ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі есепті әзірлеу бойынша көш бастап келеді. Ұлттық компания жыл сайын климатты жақсартуға бағытталған жаһандық бастама аясында парник газдарының шығарындысы туралы, сондай-ақ суды басқару саласындағы есептілікті жариялайды.

Сөз соңында ҚазМұнайГаз басшысының орынбасары Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ-химия саласында орнаған ынтымақтастығына жоғары баға беріп, оның екі ел экономикасының дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>