Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Tecnimont екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

10.04.2024

2024 жылы 10 cәуірде Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Maire Tecnimont S.p.A. компаниясының атқарушы директоры Алессандро Бернинимен кездесті.

Тараптар полиэтилен өндіру жөніндегі жобаны қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ мұнай-газ химиясы саласындағы әлеуетті бағыттарды талқылады.

«Бүгінгі таңда қуаты жылына 1,250 млн тонна полиэтилен өндіру жөніндегі жоба – Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы ең ауқымды жоба. Осыған байланысты жобаны іске асыру – біз үшін жоғары басымдыққа ие әрі жауапты міндет. Біз Tecnimont компаниясының мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және басқа да салаларда жобаларды салу және басқарумен айналысатын, толық инженерлік қызмет көрсететін халықаралық жетекші EPC компания ретінде қол жеткізген жетістіктерін  жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Полиэтилен жобасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде Tecnimont S.p.A. компаниясы полимерлеу, альфа-олефиндер мен зауыттың жалпы шаруашылық объектілері үшін «EBD» кеңейтілген базалық жобасын әзірлеумен айналысады.

«ҚазМұнайГаз» бен Maire Tecnimont S.p.A. арасындағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық өзара даму, білім мен тәжірибе алмасу үшін, сондай-ақ табысқа жетіп қана қоймай, халықаралық деңгейде энергетика саласының дамуына үлес қосатын бірлескен жобаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.

Анықтама үшін:

Maire Tecnimont S.p.A. – машина жасау, технология және энергетика саласындағы ұйымдардан тұратын италиялық компания. Мұнай-газ, химия және мұнай-химия өнеркәсібіндегі зауыттарды жобалаумен, жасыл химия және энергетикалық өзгерісті қолдайтын технологиялармен айналысады. Компания полимер өндіретін, көмірсутектерді өңдейтін және энергия өндіретін күрделі инженерлік жобаларды  жүзеге асырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>