Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Tecnicas Reunidas екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

12.12.2023

2023 жылы 12 желтоқсанда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Tecnicas Reunidas испан компаниясының төрағасы Хуан Лиадомен кездесті. Tecnicas Reunidas – бүкіл әлем бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалау және салумен айналысатын ірі компания.  

Кездесу болашақ полиэтилен өндіру зауытындағы бу крекинг қондырғысының жобалық құжаттамасын әзірлеуге қатысты ҚМГ мен Tecnicas Reunidas арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында өтті. Одан бөлек, тараптар іске асырылып жатқан ауқымды индустриялық объектілерді жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша өзара тәжірибе алмасып, әріптестікті кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.  

ҚазМұнайГаз бен Tecnicas Reunidas арасындағы келіссөз барысында жобаларды бірлесіп іске асыру отандық мұнай-газ химиясы саласына инвестициялар мен технологияларды тартуға серпін беретіні атап өтілді. Аталған сала жоғары деңгейде өңделген өнім экономикасын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие.

Tecnicas Reunidas – халықаралық EPC компаниясы. Ол құрылыс және жобаларды басқарумен айналысады, толық инженерлік қызмет түрлерін ұсынады, соның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау, сатып алу, мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және басқа салалардағы индустриалды нысандарды салу. TR 60-тан астам елде 1000-нан астам өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысын жобалап, жүргізген. Клиенттері қатарында көптеген ірі ұлттық және халықаралық мұнай компаниялары бар.

Компанияның жалпы активтері шамамен 4,3 миллиард еуро (2019 ж.) көлемінде, қызметкерлерінің жалпы саны 10 мыңға жуық. 

2020 жылы TR компаниясы Астанада кеңсесін ашты. Жобалау және құрылыс лицензиясына ие (1-санат).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>