Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ, SOCAR, Татнефть және Өзбекнефтегаз декарбонизация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

28.05.2025

Астанада «Орнықты даму: көміртегі ізін азайтуға бағытталған ортақ қадамдар» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, SOCAR президенті Ровшан Наджаф, «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов және «Өзбекнефтегаз» АҚ Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиков қатысты. 

Жиында сөз алған ҚМГ басшысы климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін тығыз халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол ҚазМұнайГаз төмен көміртекті дамытудың 2060 жылға дейінгі бағдарламасын жаңартып, көмірқышқыл газының (CO₂) шығарынды көлемін 2031 жылға қарай 15%-ға, ал 2060 жылға қарай 64%-ға азайту мақсаттарын белгілегенін жеткізді. 

— ҚМГ қызметі өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарында энергия тиімділігі мен энергия қуатын үнемдеу бойынша нақты шараларды іске асыруға бағытталатын болады. Жалпы, 300-ден астам шараны қолға алу нәтижесінде 2031 жылға қарай 500 мың тоннадан астам отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу жоспарлануда, — деді А.Хасенов. 

ҚазМұнайГаз жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту мақсатында Eni және TotalEnergies компанияларымен бірлесіп, жалпы қуаты шамамен 1,3 ГВт болатын Орталық Азиядағы ірі ЖЭК жобаларын іске асыруда. Көміртек тұту, пайдалану және сақтау (CCUS), тұрақты авиациялық отын өндіру (SAF), көгілдір және жасыл сутектерді қоса алғанда таза сутегі көздерін құру сияқты инновациялық және төмен көміртекті технологиялардың қолданылуы зерттелуде. Сондай-ақ Атырауда еліміздегі алғашқы — ҚМГ-ның сутегі технологиялар зертханасы жұмыс істейді. 

Сонымен қатар ҚазМұнайГаз ең қауіпті парник газдардың бірі — метан шығарындыларын азайтуға бағытталған халықаралық OGMP 2.0 бастамасына қосылды.

Конференция қорытындысы бойынша ҚМГ, SOCAR, Татнефть және Өзбекнефтегаз декарбонизация және тұрақты бастамалар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Құжат экологиялық қауіпсіз технологиялар саласында тәжірибе алмасуды және «жасыл» жобаларды іске асыруды көздейді. Бұл өз кезегінде компанияларға әлемдік энергетика нарықтарында климаттық бастамаларды ілгерлетуге жол ашады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>