Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен SOCAR ынтымақтастықты нығайтуда

25.07.2024

24-26 шілде күндері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Баку қаласына жұмыс сапары барысында Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен келіссөз жүргізді.

Тараптар ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Еске сала кетсек, 2022 жылы ҚМГ мен SOCAR Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна мұнай транзитіне қатысты келісім қабылдаған болатын.

Кездесуде Қазақстан мұнайы тұрақты тасымалданып жатқандығы айтылды. 2023 жылы Ақтау портынан 1,057 млн тонна мұнай жөнелтілді, ал биылғы бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 700 мың тоннадан асты.

А. Хасенов ҚазМұнайГаз бұл экспорттық бағытты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта ҚМГ серіктестерімен бірлесіп, Транкаспий бағыты бойынша жеткізілетін қазақстандық мұнай көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруда.

ҚМГ Басқарма төрағасы қос компанияның бірлескен бастамалары табысты іске асырылатынына сенім білдірді.

Кездесуде декарбонизация саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары да талқыланды.

Сонымен қатар А.Хасенов Бакуге жұмыс сапары барысында Қазақстан мұнайының транзитіне тартылған BP Sangachal және Azertrans терминалдарының жұмысымен танысты. Қазақстандық «Ақтау» танкерінде болып, экипаж мүшелерімен кездесті.

Анықтама:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.

Мемлекеттік мұнай компаниясы (State Oil Company of Azerbaijan Republic SOCAR) -

орталық кеңсесі Әзірбайжанда орналасқан, энергия ресурстарын өндіруге, өңдеуге және бөлуге маманданған жаһандық энергетикалық компания. Компания оңтүстік Кавказ аймағындағы ең ірі интеграцияланған энергетикалық кәсіпорын ретінде әлемдік жобаларға кеңінен қатысады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>