Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және SOCAR мұнай тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады

09.03.2024

9 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Баку қаласына сапары барысында Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен кездесті.

Тараптар Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтуды және Қазақстан мұнайын Баку-Супса құбыры арқылы тасымалдау мәселелерін талқылады.

«SOCAR компаниясы ҚазМұнайГаздың маңызды стратегиялық серіктесі. Қазақстан мұнайы транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту арқылы өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін берілетініне сенімдімін», — деді М.Мырзағалиев.

Айта кетсек, «ҚазМұнайГаз» және SOCAR арасында 1,5 млн тонна Қазақстан мұнайын Әзербайжан аумағы арқылы тасымалдауға қатысты қол қойылған келісім аясында Қазақстан мұнайы былтырдан бері Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша тұрақты тасымалданып келеді.

Ақтау портынан 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 057 мың тонна, ал 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 232 мың тонна мұнай жөнелтілді.

Анықтама:

Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы (State Oil Company of Azerbaijan Republic — SOCAR) – орталық кеңсесі Әзербайжанда орналасқан жаһандық энергетикалық компания. Энергия ресурстарын өндіру, өңдеу және үлестірумен айналысады. Оңтүстік Кавказ өңірінің интеграцияланған ірі энергетикалық кәсіпорынның әлем бойынша бөлімшелері бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>