KMG Skills чемпионатында операторлар өз шеберлігін көрсетті
13.10.2026
KMG Skills кәсіби шеберлік чемпионатының үшінші кезеңінің практикалық тапсырмаларының бір бөлігі «Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының оқу полигонында өтті.
Жарысқа мұнай және газ өндіру, қабат қысымын ұстап тұру, мұнайды дайындау және технологиялық қондырғылар бойынша 43 оператор қатысты.
Қатысушылар өз мамандықтары бойынша практикалық тапсырмаларды орындады: тербелмелі қондырғының жетек белдігін, манометрді және ысырма арасындағы тығыздатқышты ауыстырды, тауарлы мұнайды дайындады. Сонымен қатар ұңғымаға су айдау көлемін дәл реттеу үшін штуцерді алмастырды.
Қатысушылардың жұмысын 12 сарапшы бағалады. Операторлар тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде орындап, технологиялық регламенттің және қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударды.
KMG Skills чемпионаты мамандардың біліктілігін шыңдауға, өндірістік міндеттердің жоғары деңгейде орындалуына және тәжірибе алмасуға бағытталған.