«KMG Skills» чемпионатының жеңімпаздары анықталды
15.10.2026
Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
ҚМГ басшысы Асхат Хасенов атап өткендей, ұлттық компания қызметкерлерді кәсіби даярлау жүйесін үнемі дамытып, жұмысшы мамандықтарына және олардың кәсіби өсуіне ерекше көңіл бөліп келеді.
— ҚМГ қызметкерлердің кәсіби әлеуетін дамытуға, біліктілігін арттыруға бағытталған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар еңбек жағдайларын жақсартуға, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оқытуға, тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға айырықша мән берілуде. Мұнай-газ саласының тұрақты дамуы, ең алдымен, өндірісте еңбек ететін білікті мамандарға байланысты. Біз үшін әр қызметкердің өз біліктілігін шыңдап, жаңа технологияларды меңгеруі және кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуы маңызды, — деді А.Хасенов.
Чемпионатқа ҚМГ-ның 18 еншілес және тәуелді ұйымынан 120 маман қатысты. Барлық қатысушы берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, кәсіби шеберліктерін, білімдері мен мол тәжірибелерін көрсетті. Биыл «KMG Skills» чемпионаты екінші рет ұйымдастырылды.
«Мұнай-газ өндіру операторы» номинациясының жеңімпаздары:
1-орын — Алтынбек Умаров, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
2-орын — Ұзақ Кемалов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС
3-орын — Аманжол Бердиджанов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«Қабат қысымын ұстау операторы» мамандығы бойынша үздік нәтиже көрсеткендер:
1-орын — Нұрлан Дарханов, «Өзенмұнайгаз» АҚ
2-орын — Нұрәділ Қуатбаев, «Қаражанбасмұнай» АҚ
3-орын — Серікбол Оразбек, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«Мұнай дайындау операторы (тауар операторы)» аталымының жүлдегерлері:
1-орын — Эмир Ненциев, «ҚазТрансОйл» АҚ
2-орын — Талғат Өсербаев, «CASPI BITUM» БК» ЖШС
3-орын — Руслан Қарсыбеков, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
«Технологиялық қондырғылар операторы» аталымының жүлдегерлері:
1-орын — Бердібек Әділов, «Ембімұнайгаз» АҚ
2-орын — Данияр Әділбай, «KPI Inc.» ЖШС
3-орын — Сергей Гундарев, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
«Электромонтер» мамандығы бойынша үздік нәтиже көрсеткендер:
1-орын — Әлихан Абат, «Ембімұнайгаз» АҚ
2-орын — Сырым Сағынов, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС
3-орын — Әнуар Қосымбай, «ҚазТрансОйл» АҚ
«Химиялық талдау лаборанты» мамандығы бойынша үздік деп танылғандар:
1-орын — Дана Серік, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС
2-орын — Айсәуле Иманбай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС
3-орын — Ләззат Идиркенова, «Ембімұнайгаз» АҚ
«Компрессорлық қондырғылар машинисі» номинациясының жеңімпаздары:
1-орын — Мират Исмұхаметов, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
2-орын — Ғибадат Ұзақбаев, «KPI Inc.» ЖШС
3-орын — Айбек Оңғарбаев, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС
«Технологиялық сораптар машинисі» мамандығы бойынша үздік деп танылғандар:
1-орын — Руслан Рысмағанбетов, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
2-орын — Александр Иващенко, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
3-орын — Иса Көшімов, «Қаражанбасмұнай» АҚ
«Технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету слесарі» мамандығы бойынша үздік деп танылғандар:
1-орын — Базаржан Мақтанов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
2-орын — Владимир Миниханов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС
3-орын — Нұрлыбек Естілеуов, «Ембімұнайгаз» АҚ
«Электр-газбен дәнекерлеуші» аталымының жеңімпаздары:
1-орын — Ринат Ищанов, «ҚазТрансОйл» АҚ
2-орын — Дулат Шамкен, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
3-орын — Жандос Орынбасаров, «Өзенмұнайгаз» АҚ
«Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі» мамандығының үздіктері:
1-орын — Сержан Терекбай, «ҚазТрансОйл» АҚ
2-орын — Рахим Айтжанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ
3-орын — Бекнұр Берқалиев, «CASPI BITUM» БК» ЖШС
«Токарь» мамандығы бойынша үздік нәтиже көрсеткендер:
1-орын — Нұрсейіт Қоңырбаев, «Ембімұнайгаз» АҚ
2-орын — Дәулетбай Джаппасбаев, «Қазгермұнай» БК» ЖШС
3-орын — Жанполат Мұханов, «Өзенмұнайгаз» АҚ