Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

А.Хасенов Сибур компаниясының басшылығымен кездесті

02.07.2024

2024 жылы 2 шілдеде Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасенов «СИБУР» ЖШҚ басқарма төрағасы – бас директоры Михаил Карисаловпен кездесу өткізді.

Тараптар Атырау облысында «Силлено» жобасының іске асырылу барысын, яғни, қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысын талқылады.

ҚМГ халықаралық серіктестерімен бірлесіп Қазақстанда мұнай-газ-химиясы кластерін белсенді түрде дамытуда. Полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы – елімізде аталған саланың дамуына жетелейтін келесі қадамдардың бірі.

Кәсіпорын Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақтың аумағында Теңіз кен орнына (Атырау облысы) жақын жерде салынатын болады. Жоба үлескерлері – ҚазМұнайГаз (40%), СИБУР (30%) және Sinopec (30%).

Құрылыс кезеңінде барлығы 8 мыңға жуық, ал  зауыт іске қосылғанда 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>