Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ, Сибур және Sinopec «Силлено» жобасы бойынша қатысушылар арасында хаттамаға қол қойды

02.07.2024

2 шілдеде Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «СИБУР Холдинг» ЖАҚ және Sinopec Overseas Investment Holding Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 7-ші отырысында «Силлено» жобасына қатысты қатысушылар арасындағы хаттамаға қол қойды.

Тараптар Атырау облысында «Силлено» жобасын, яғни, қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу үшін түпкілікті инвестициялық бюджетті келісу ниетін растады.

Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «СИБУР» ЖШҚ басқарма төрағасы – бас директоры Михаил Карисалов және Sinopec директорлар кеңесінің төрағасы Юншэн Ма қол қойды.

Хаттама оған қоса тараптардың жобаны іске асыру барысында экономикалық негіздеме мен техникалық мүмкіндікті ескере отырып, жобалау, жабдықтар мен материалдарды сатып алу, сондай-ақ құрылыс саласында Қазақстан үлесін барынша арттыруға деген ұмтылысын көздейді.

Полиэтилен өндіру жобасы – мұнай-газ химиясы саласын дамытудағы маңызды қадам. Оны іске асыру ел экономикасына мультипликативті әсер беріп, ІЖӨ көрсеткішінің 1,2% өсуіне мүмкіндік береді және полиэтиленнен жасалған бұйымдар өндіру саласында шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде. Мұнай-газ химиясына салынған әрбір доллар ел экономикасында 2-3 долларға өсуді қамтамасыз етеді.

Құрылыс кезеңінде барлығы 8 мыңға жуық, ал  зауыт іске қосылғанда 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Полиэтилен күнделікті өмірде және өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылатын бұйымдарды шығаруға, оның ішінде құбырлар, құрылыс және орауға арналған материалдар, автобөлшектер, медициналық жабдықтар және басқа да тауарларды өндіруге қолданылады.

Ақпарат үшін:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«СИБУР Холдинг» ЖАҚ (СИБУР) — мұнай-газ химиясы саласында әлемде қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі, полимерлер мен каучуктар өндірісі бойынша Ресейдегі көшбасшы компания. 2023 жылдың наурызында СИБУР Полиэтилен жобасына ресми түрде қосылды.

Sinopec — әлем бойынша BASF компаниясынан кейінгі ірі химиялық компания, вертикалды интеграцияланған энергетика және мұнай химия корпорациясы. 2024 жылдың наурызында Sinopec жобаға ресми түрде қосылды.

«Силлено» ЖШС — Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасының екінші кезеңінің операторы («Полиэтилен» жобасы). Серіктестік — жоба салынатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>