Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз төмен көміртекті энергетикадағы Шевронның инновациялық тәжірибесімен танысты

20.02.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС делегациясы Қазақстандағы көмір қышқыл газының шығарындыларын азайту бойынша әлеуетті жобаларды зерделеу мақсатында американдық Chevron New Energies компаниясына (Шеврон корпорациясының еншілес компаниясы) сапарлады.

Еске сала кетейік, 2022 жылы ҚМГ мен Шеврон көміртегі шығарындыларын азайту саласындағы әлеуетті мүмкіндіктерді зерттеу үшін ынтымақтастық туралы жариялап, Қазақстандағы көміртегі шығарындыларын азайту саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау мақсатында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойған болатын. Ынтымақтастық шеңберінде ҚМГ-ның көміртекті тұту, кәдеге жарату және сақтау жөніндегі пилоттық жобасын (Carbon capture, use and storage, CCUS) қарау үшін фокус-топ жұмыс жасайды.

Жол картасына және аталған Меморандумға сәйкес қазақстандық делегация сапар барысында Chevron компаниясының технологиялық апаттардың алдын алуға көмектесетін, сондай-ақ бұрғылау процесінде қажетті деректермен қамтамасыз ететін диспетчерлік орталықтың жұмысымен танысты. Келіссөздер барысында Павлодар облысындағы Орман-климаттық жобасы да талқыланды.

Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстандағы Төмен көміртекті технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөніндегі қадамдар талқыланды.

Chevron New Energies компаниясы 2021 жылы көміртекті тұту, кәдеге жарату және сақтау (CCUS), төмен көміртекті сутекті пайдалану, жаңартылатын отын, офсеттерде және басқа да жаңа салаларда жұмыс жасау мақсатында Шеврон корпорациясының бастамасымен құрылды.

Павлодар облысындағы Орман-климаттық жоба — бұл өңірдегі қалалардың бірінің айналасында жасыл шеңбер құру бойынша жаңа бастамалардың бірі. Мұндай жобалардың мәні — орман отырғызу, одан өскен көміртек бірліктері халықаралық стандарттар бойынша есептеліп, шетелге валютаға сатылады. Осылайша, орман өсіруге, топырақтың регенерациясына және Қазақстанның экологиясына жеке капиталдың инвестицияларын тартуға ынталандырылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>