Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен CHA «Шығыс» жобасын іске асыру барысын қарастырды

25.06.2026

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігінің (CHA, Croatian Hydrocarbon Agency) басшысы Мариян Крпанмен кездесті.

Кездесуде ҚМГ мен CHA еншілес компаниясы — GEOENERGIJA RAZVOJ d.o.o. арасындағы Ақтөбе облысындағы «Шығыс» бірлескен геологиялық барлау жобасының орындалу барысы талқыланды.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл сәуір айында ҚР Энергетика министрлігі, ҚМГ және GEOENERGIJA RAZVOJ d.o.o. Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіру бойынша келісімшартқа қол қойған болатын.

Жоба тепе-тең талаптармен (50/50) іске асырылатын болады, бұл ретте хорват тарапы геологиялық барлау кезеңін толық қаржыландырады. Жұмыстардың ең аз көлемі 500 қума км болатын 2D сейсмикалық барлау жүргізуді және тереңдігі 3500 м бір іздеу ұңғымасын бұрғылауды қамтиды.

Айта кетсек, хорватиялық компания алғаш рет Қазақстанның геологиялық барлау секторына инвестиция салады. Бұл мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Бүгінде тараптар «Шығыс» жобасын нақты іске асыруды бастау үшін операциялық компанияны құру бойынша қажетті рәсімдерді аяқтап жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>