Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГазға қарасты кәсіпорындар еліміздің батысындағы су тасқынымен күресуге атсалысуда

03.04.2024

ҚМГ-ның Батыс Қазақстан облысындағы еншілес ұйымдары мен қатысу үлесі бар компаниялар жергілікті әкімдіктерге көктемгі су тасқыны салдарын жою және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көмек қолын созды.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясы Бөрлі ауданы әкімдігінің өтініші бойынша 28 наурыздан бастап қажетті техниканы бөлді.

Қарашығанақ кен орнында қазіргі уақытта су тасқыны байқалмайды. Табиғи апат шикізат өндіру ісіне және жобаларды іске асыру барысына әсер етпеді.

Өз кезегінде, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (ҚМГ үлесі – 50%) Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Январцево ауылында көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 6 арнайы техника бөлді. Компания 4 самосвал, 1 жүк тиегіш және 1 экскаватор берді.

Сонымен бірге «УОГ» ЖШС ұжымы бір күндік жалақысын су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына аудару туралы шешім қабылдады.

ҚазМұнайГаздың және оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері де зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін қаржылай көмек жинап жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>