Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және MOL Group екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

05.02.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов MOL Group компаниясының мұнай өңдеу жөніндегі атқарушы вице-президенті Габриэль Сабомен кездесті.

Тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады.

Атап айтқанда, қазақстандық мұнайды еуропалық нарыққа жеткізуді кеңейту перспективалары қарастырылды.

«Рожков» газ конденсатты кен орнын бірлесіп игеру барысы қаралды. 2024 жылы кен орнында 301 млн текше метр газ және 222 мың тонна конденсат өндірілді. Қазақстандық қамтуды дамытуға баса назар аудара отырып, «Рожков» кен орнын 2-кезең бойынша одан әрі игеруді жеделдету ҚМГ үшін ерекше маңызды.

Сондай-ақ, Еуропалық компанияның республикамыздағы мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыруға қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

«ҚазМұнайГаз» инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибе алмасу үшін MOL Group-пен стратегиялық әріптестікті кеңейтуге мүдделі. Біз венгрлік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», - деп атап өтті А.Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>