Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы MOL Group вице-президентімен кездесті

07.03.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев MOL Group барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Джомбор Мартонмен кездесті.

Тараптар кездесу барысында «Рожков» бірлескен жобасының ағымдағы операциялық қызметін талқылады. Атап айтқанда, кен орнын жайластыруды жеделдету және Жақсартылған модельдік келісімшартқа (ЖМК) өту туралы болды. Сонымен қатар, тараптар газ химиясын дамыту, Венгрияға мұнай жеткізу және «Рожков»  кен орнынан конденсат экспорттау мәселелеріне де тоқталды.

Мемлекет басшысының тауар газы өндірісінің көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылғы желтоқсанда ҚМГ венгриялық MOL Group және қытайлық FIOC Sinopecпен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысындағы «Рожков» газ конденсатты кен орнын (игерумен «Орал Ойл энд Газ» ЖШС айналысады) өнеркәсіптік пайдалануға берді. Жобаға қатысушылардың әлемдік тәжірибесі 27 млрд м³ қабаттық газ бен 12 млн тонна конденсат мөлшерінде алынатын қорлары бар «Рожков»  кен орнының әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.

«Рожков»  кен орнын толық көлемде игеру ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан сұраныс аясында ҚР тауарлық газ өндірісін ұлғайту қажеттілігіне байланысты стратегиялық маңызы зор жоба.

ҚМГ кен орнын толық көлемде игеру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай дем береді, сонымен бірге қосымша жұмыс орындары ашылады, деп күтуде.

«Урал Ойл энд Газ» акционерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), MOL (Венгрия) — 27,5%; FIOC Sinopec( Қытай) — 22,5%.

MOL Group — Орталық және Шығыс Еуропаның жетекші интеграцияланған мұнай-газ корпорациясы, штаб-пәтері Венгрияның Будапешт қаласында орналасқан. Компания өз қызметін 30-дан астам елде жүзеге асырады және бүкіл әлем бойынша 25000-дай қызметкері бар. MOL барлау және өндіру қызметі көмірсутектер саласындағы 80 жылдық тәжірибемен қамтамасыз етілген. MOL корпорациясының барлау және көмірсутегін өндіру қызметі саласында 80 жылдық тәжірибесі бар.

Батыс Қазақстан облысында «Рожков» — ірі газ конденсатты кен орны 2023 жылғы 21 желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Кен орнында толық көлемде игеру кезінде жылына шамамен 1 миллиард текше метр газ және 500 мың тоннадан астам конденсат өндірілетін болады. Ішкі нарыққа жеткізілетін сұйытылған газ өндірісінің жыл сайынғы көлемі 150 мың тоннадан асады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>