ҚазМұнайГаз және Mitsui & Co ынтымақтастық мәселелерін талқылады
09.08.2024
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жапонияның Mitsui & Co инвестициялық компаниясының ТМД-дағы өңірлік басшысы Кадзумаса Миядзавамен кездесу өткізді.
Бұған дейін ҚМГ басшысы АҚШ-қа іскерлік сапары барысында америкалық LanzaJet технологиялық компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Mitsui & Co компаниясы – LanzaJet инвесторларының бірі. Қол қойылған Келісім аясында Қазақстанда SAF тұрақты авиациялық отын өндіру мүмкіндігі қарастырылуда.
Кездесуде компаниялар екіжақты несие механизміне қатысты (Joint Crediting Mechanism, JCM) ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, JCM көмегімен зауыттардың пешінде технологиялық газды бос жағуды азайту үшін қаражат алуға болады, бұл мұнай өңдеу зауыттары жұмысының экологиялық параметрлерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, ҚМГ Қазақстанда биоотын нарығын дамыту бойынша міндеттер қойып отыр, бұл елдегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ықпал ететін болады.
Анықтама:
Mitsui & Co. (Мицуи) — Жапонияның ірі инвестициялық компаниясы, Mitsui Group холдингінің бір бөлігі. Компанияның бас кеңсесі Токиода орналасқан. Мицуи – LanzaJet инвесторларының бірі.
LanzaJet этанолдан SAF отынын алу технологиясын («этанолды авиакеросинге айналдыру» немесе «alcohol-to-jet») әзірлеп шығарған, әлемнің ең ірі авиакомпаниялармен ұзақ мерзімді оффтейк келісімдер жасасқан компания. 2024 жылы қаңтарда бұл компания этанолдан SAF шығаратын әлемдегі алғашқы коммерциялық масштабтағы LanzaJet Freedom Pines Fuels зауытын іске қосты.
SAF (Sustainable Aviation Fuel) — бұл Jet-1 отынының экологиялық таза баламасы, тұрақты авиациялық отын. Дәстүрлі авиакеросиннен айырмашылығы SAF таза күйінде көміртегіні 80%-ға азайтады. SAF и Jet-1 бір-бірін алмастыра алады, бұл оларды әуежайлардағы сақтауға арналған ыдыстарда басқа отынмен араластыруға мүмкіндік береді. АҚШ SAF-ты 50 пайыздық пайдалануға 2025 жылы көшпекші. Еуропалық Одақ-2025 жылдан бастап 2% деңгейінде, 2030 жылдан бастап бұл көрсеткішті 5%-ға дейін және 2050 жылы 63% - ға дейін арттыратын болады. Ұлыбритания 2030 жылға қарай SAF-ты пайдаланылатын авиаотынның жалпы көлемінің 10% көлемінде пайдалануды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Екіжақты несие механизмі (JCM) – бұл Жапонияның декарбонизацияның озық технологияларын және басқа шараларын тарату арқылы серіктес елдердегі парник газдар шығарындысын азайтуға қосқан үлесін бағалау механизмі. Несие беру арқылы Париж келісімі шеңберінде парник шығарындысын азайту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосатын болады (ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жапонияның ҚР-дағы Елшісі арасында 30.10.2023 ж. қол қойылды).