Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-да ірі мұнай-газ мегажобаларындағы локализациялау мәселелері талқыланды

27.08.2026

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастамасымен ұлттық компанияның кеңсесінде Теңіз, Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының қатысушыларымен «дөңгелек үстел» өтті. Жиналыс барысында локализациялауды ынталандыруға бағытталған шаралар талқыланып, «Инвестицияның орнына келісімшарт» тетігін дамыту бойынша алдағы қадамдар белгіленді.

Кездесуге ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, ҚМГ, «PSA» ЖШС, ТШО, NCOC, КРО, Chevron, ENI, Shell, ExxonMobil және IMBC компанияларының өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар «Инвестицияның орнына келісімшарт» тетігін енгізу үшін кедергілерді жою жөніндегі ортақ жұмыстың нәтижелерін, республикамыздың ірі мұнай-газ жобаларына арналған қазақстандық өнім шығаратын жаңа өндірістерді локализациялауды ынталандыру шараларын және іске қосу мүмкіндіктерін қарастырды.

Мұнай-газ саласындағы ұлттық оператор ретінде ҚМГ үшін жергілікті қамтуды дамыту – бұл негізгі басымдықтардың бірі екені атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар отандық өндіріс тауарларын жеткізудің тұрақты тізбегін қалыптастыру мен кеңейтуді қоса алғанда, барлық белгіленген бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>