ҚМГ мен СNOOС геологиялық барлау саласындағы стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады
16.07.2026
Бейжің қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев «CNOOC Group» басшысы Чжан Чуаньцзян және «CNOOC International» басшысы Лю Юнцземен кездесті.
Тараптар Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзит аймағындағы «Жылыой» бірлескен геологиялық барлау жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. Жоба тепе-тең талаптармен (50/50) жүзеге асырылуда, бұл ретте барлау кезеңін Қытай компаниясы қаржыландырады. 2026 жылдың соңына дейін 400 шаршы шақырым көлемінде 3D дала сейсмикалық барлау жұмыстарын бастау жоспарланған.
Сонымен қатар Қазақстандағы жаңа перспективті жобалар аясындағы ҚМГ мен CNOOC ынтымақтастығының мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұдан бөлек, Қытай тарапы Каспий маңы шөгінді алабының тұзасты палеозой түзілімдері бойынша ауқымды сейсмикалық барлау жұмыстарына қатысуға қызығушылық білдірді.