Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен «Шелл Қазақстан» өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

13.02.2023

2023 жылғы 13 ақпанда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Шелл Қазақстан» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту саласында өзара тиімді негізде ынтымақтастық орнатуды көздейді. 

Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті мен Төрағасы Херман Бурмайстер қол қойды. 

Құжат бойынша тараптар төмендегі салаларда ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді:        

  • геологиялық барлау мен игеру, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауы мен перспективалы учаскелерге кешенді геологиялық зерттеу жүргізу;

  • Қазақстанда жобаларды бірлесіп игерудің синергиясы мен мүмкіндіктері;

  • өндіруші өнеркәсіпте келісімшарттар мен сатып алуларды жасасуға, экологиялық стандарттар мен ұқсас реттеуші аспектілерге қатысты жаңа тенденцияларды талдау.

Бұл ынтымақтастық аясында техникалық және экономикалық бағалау жүргізу үшін ҚМГ-нің жұмыс істеп тұрған геологиялық барлау және перспективалы жобалардың деректер базасы пайдалануы мүмкін.

«Компаниялар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы стратегиялық серіктестік пен өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша үлес қосады. Біз Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің түрлі салаларында ортақ жобаларды іске асыру кезінде «Шелл» концернінің мол тәжірибесін пайдаланамыз деп үміттенеміз», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>