Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» бен CNPC стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойды

18.05.2023

2023 жылы 18 мамырда Сиань қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және China National Petroleum Corporation (CNPC) мұнай-газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойды.

Келісім бойынша геологиялық барлау және мұнай өңдеу саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін зерделеу, сондай-ақ компаниялардың кадрлық әлеуетін дамыту жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз бен CNPC компаниялары арасында Қазақстан үшін маңызды мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асырған жылдар ішінде берік әрі сенімді қарым-қатынас қалыптасып үлгерді. Қол қойылған бүгінгі Келісім – компаниялар арасындағы әріптестікті нығайту бағытындағы кезекті кезең», — деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>