Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен CNOOC екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

30.07.2026

ҚазМұнайГаз басшысы Асхат Хасенов Бейжің қаласына (ҚХР) жұмыс сапары барысында China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) Директорлар кеңесінің төрағасы Чуаньцзян Чжанмен кездесіп, бірлескен жобалар мен алдағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

ҚМГ мен CNOOC еншілес кәсіпорындары арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікке ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, KMG Drilling & Services және China Oilfield Services Limited (COSL) халықаралық жобалар үшін бұрғылау мен сервис қызметтері саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда. Сонымен қатар компаниялар бұрғылау, ұңғыма сервистері, технологиялар трансфері, жергілікті қамту және арнайы білім беру бағдарламасы аясында кадрлық әлеуетті дамыту сияқты негізгі бағыттарды қолға алады.

Бұған қоса, ҚМГ Инжиниринг және COSL ұңғымаларды игеру, бұрғылау және күрделі жөндеу ісіне жаңа технологияларды енгізу бойынша бірлескен жұмысты бастады.

 Кездесу барысында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзит аймағындағы «Жылыой» бірлескен геологиялық барлау жобасының да қазіргі жай-күйі қаралды. Бүгінгі таңда жоба қарқынды іске асырылуда, 400 бойлық шақырымның 2D тарихи сейсмикалық деректерін қайта өңдеу мен қайта түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 400 шаршы шақырым көлемінде 3D далалық сейсмикалық барлау жұмыстары басталады деп жоспарланған.

Бұған дейін хабарланғандай, жоба тепе-тең талаптармен (50/50) жүзеге асырылуда, бұл ретте барлау кезеңін қаржыландыруды қытайлық компания қамтамасыз етуде.

CNOOC – Қазақстанның геологиялық барлау саласына инвестиция құйған Қытайдың алғашқы ірі компаниясы.

Келіссөздер барысында сондай-ақ еліміздегі басқа да перспективті геологиялық барлау жобалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар барлық негізгі бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>