Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз жұмысшы мамандар мен жас кадрлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда

03.09.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды.

Бүгін ҚМГ еншілес кәсіпорындарының 118 қызметкеріне модульдік оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Іс-шараға ұлттық компания басшылығы, сала ардагерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты.

«ҚМГ Кәсіп» біліктілікті арттыру бағдарламасын ҚазМұнайГаз жұмысшы мамандықтар жылы аясында іске қосты. Ол қызметкерлердің кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және өндірістік процестердің тиімділігін көтеруге бағытталған.

Бағдарлама 12 жұмысшы мамандықты және мынадай бағыттарды қамтыды: командалық көшбасшылық негіздері (NCCER халықаралық сертификаты бар), ысырапсыз өндіріс, қауіпсіздік мәдениеті, цифрлық және қаржы сауаты, мұнай-газ саласының экономикасы, кәсіптік бағдар, қызметкердің денсаулығы мен амандығының негіздері, қиын жағдайда стресті басқару.

Жоба бойынша оқыту үшін ҚМГ-ның еншілес компанияларынан барлығы 270 маман іріктеліп алынды.

Сонымен қатар кәсіби мереке қарсаңында бағдарлама қатысушыларына «Жұмысшы мамандықтар жылы» естелік төсбелгілері табысталды.

— ҚМГ жұмысшы мамандықтарға және сұранысқа ие жаңа кәсіптерге ден қоя отырып, кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін одан әрі дамытуда. Сонымен қатар салаға жас мамандар барынша тартылып жатыр. Кәсіби оқыту, біліктілікті арттыру, тағылымдамадан өту және тәжірибе алмасу үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Алдағы уақытта да ҚМГ компаниялар тобында модульдік оқыту бағдарламасы жалғасатын болады, — деді ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>