ҚазМұнайГаз және ExxonMobil серіктестіктің негізгі бағыттарын талқылады
04.11.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Абу Даби қаласында (БАӘ) ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізді.
Тараптар Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыру барысын талқылады. 2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қашаған кен орнында 13,6 млн тонна мұнай өндірілді, жоспар — 13,4 млн тонна болған еді. Биыл 18,25 млн тонна мұнай өндіріледі деп болжанып отыр. ҚМГ басшысы Қашағанды одан әрі игеру аясындағы іс-шараларды уақтылы іске асырудың маңызына тоқталып, ірі жобада қазақстандық қамтуды ұлғайту қажеттілігіне назар аударды.
Жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ қауіпсіз теңіз операцияларын қамтамасыз ету және өңірдің экожүйесін сақтау үшін Каспий теңізінің таяздануын болдырмау саласында ірі мұнай-газ жобалары серіктестерінің өзара көпжақты іс-қимылының перспективалары қаралды.