Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ ESG-ақпаратты жария ету бойынша топ-50 рейтингінде үздік атанды

19.12.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік есептерде қаржылық емес ақпаратты жария ету бойынша үздік 50 компания рейтингінде бірінші орынды иеленді.

Рейтингті PwC Kazakhstan компаниясы 96 ұйым арасында жүргізді. Зерттеу шеңберінде қазақстандық компаниялардың 2022 жылғы жылдық есептері мен тұрақты даму туралы есептеріндегі ESG-ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі бағаланады.

Рейтинг отандық компаниялардың ESG-ақпаратты көпшілкке қалай ұсынғанын бағалауды, үздік тәжірибелерді анықтауды және одан әрі жақсарту үшін ұсыныстар беруді көздейді.
Рейтинг әдістемесі 129 критерийден тұрады. Әр критерий бойынша баға беріледі (1-ден 10-ға дейін). Бағалау кезінде тұрақты даму стратегиясы, корпоративтік басқару, қоғам, экология, есеп беру практикасы секілді бөлімдер қамтылды. Сонымен қатар ұсынылған ақпараттың анықтығы, өзектілігі мен сапасы үшін қосымша ұпайлар берілді.

«Биыл біз қазақстандық компаниялардың ESG ақпаратты жария ету деңгейін бағалау кезінде талаптарды айтарлықтай күшейттік, басқару тәсілдері мен стратегиясына көбірек көңіл бөліп, салалық көрсеткіштерді қостық. Алайда, қазақстандық компаниялардың қаржылық емес есептілікті ұсыну деңгейі біз енгізген халықаралық трендтерді қуып жеткенін, тіпті, компаниялардың көп бөлігі жоғары бағалау критерийлеріне сай екенін көріп отырмыз. Бұл Қазақстандағы тұрақты даму саласындағы көшбасшылар саладағы соңғы өзгерістерді бақылап, сол жаңалықтарды өз компанияларындағы ESG тәжірибесінде және ақпаратты ұсыну кезінде сәтті қолданып отырғанын көрсетеді деп есептейміз», - делінген PwC Kazakhstan есебінде.

Қазақстандық ТОП-50 компанияға үздік баға негізінен тұрақты даму стратегиясын ұсынғаны үшін берілген. Стратегия бөлімінде тұрақты дамудағы өзекті мәселелерді анықтау процесі бойынша жариялылық, мақсаттардың болуы, сондай-ақ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен сәйкестігі бағаланды. Сондай-ақ ең қиын міндеттердің бірі – әлеуметтік ықпал туралы ақпаратты ұсыну, яғни, компанияның адам өміріне қалай әсер ететінін анықтау және ықпал ету дәрежесін бағалауды түсіну. ҚМГ бұл бағытта сарапшылардан жоғары баға алды, әлеуметтік мәселелерді ұсынуда үздік деп танылып, арнайы номинацияға ие болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы да рейтингтің үздік ондығының қатарына кірді.

Рейтингпен сілтеме арқылы танысуға болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>