Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық инновациялық бастамаға қатысты

02.04.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ БҰҰ Жаһандық шартының SDG Ambition бизнес-акселератор бағдарламасына қатысты. Бағдарлама қорытындысы бойынша компания белгілеген тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін 8 қадамнан тұратын тәсіл негізінде 3-6-9 айға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді.

2024 жылы 28 наурызда Алматы қаласындағы БҰҰ Плаза алаңында БҰҰ жаһандық шартының SDG Ambition бизнес-акселератор бағдарламасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Аталған бағдарлама – тұрақты іскерлік тәжірибені ілгерілетуге арналған инновациялық бастама.

SDG Ambition бизнес-акселераторы – бұл 17 Тұрақты даму мақсатын бизнестің стратегиялық және операциялық аспектілеріне біріктіруді жеделдету үшін БҰҰ сарапшылары мен серіктестері әзірлеген алты айлық білім беру бастамасы. Бағдарлама басталғаннан бері оған әлемнің 90-нан астам елінен 1600 компания қатысты. 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейін Орталық Азия елдері үшін арнайы тренинг ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 компания өкілдері қатысты.

ҚМГ 2006 жылдан бастап БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі және белсенді қатысушысы ретінде БҰҰ Жаһандық шартының және тұрақты дамудың 17 мақсатының он қағидатын берік ұстанады. Жыл сайынғы тұрақты дамуы туралы есепте БҰҰ-ның Жаһандық шарты бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесі көрініс табады.

БҰҰ Жаһандық шарты – әлемдегі ең ірі корпоративтік тұрақтылық бастамасы. 2000 жылы негізі қаланған БҰҰ Жаһандық шарты компанияларды өз стратегиялары мен операцияларын адам құқықтары, еңбек, қоршаған орта және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі он әмбебап қағидатқа сай жүргізуге және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылуға шақырады. Бүгінде Жаһандық шарт дүниежүзінде 21 мыңнан астам ұйымды біріктіреді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>