Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«KMG EP-Catering» компаниясына – 25 жыл

21.10.2026

Жаңаөзен қаласында «KMG EP-Catering» ЖШС-ның (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Жаңаөзен қаласының әкімі Сымбат Төретаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.

Компания ұжымы алдында сөз сөйлеген ҚМГ басшысы мұнайшылардың күнделікті еңбегіне қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отырған мамандар жұмысының маңыздылығын атап өтті.

— Бүгінде «KMG EP-Catering» қызметін Маңғыстау және Атырау облыстарындағы кен орындарда жұмыс істейтін 7 500-ден астам мұнайшы пайдаланады. Осы жылдар ішінде компания бірнеше даму кезеңінен өтіп, көрсететін қызмет түрлерін кеңейтіп, мол тәжірибе жинады. Кәсіпорын қызметкерлеріне жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғысымды білдіремін. Сіздер адал еңбектеріңізбен саланың дамуына елеулі үлес қосып келесіздер, — деді А.Хасенов.

Мерейтойға орай компанияның 51 қызметкеріне «Еңбек сіңірген мұнайшы» төсбелгісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның естелік төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар ҚМГ-ның басқа да еншілес ұйымдарының мамандары марапаттарға ие болды.

«KMG EP-Catering» компаниясының тарихы 1993 жылы Маңғыстау облысында «Узеньнефть» компаниясы жанынан «Шарайна» ұйымының құрылуынан басталады. 2001 жылы Жаңаөзен қаласында «Өзен-Елес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғаш рет мемлекеттік тіркеуден өтті. 2006 жылы оның құрамына бірнеше кәсіпорын қосылып, қызмет бағыттары кеңейтілді. 2010 жылы ұйым қазіргі «KMG EP-Catering» атауына ие болды.

Бүгінде компанияда 1 100-ден астам адам еңбек етеді.

Компанияның негізгі қызмет бағыттарына қоғамдық тамақтану, клининг, ғимараттарды күтіп ұстау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету кіреді. Кәсіпорынның Маңғыстау және Атырау облыстарында 50-ден астам асханасы жұмыс істейді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>