Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» бен Eni Жаңаөзенде гибридті электр стансасын салу жобасын іске асыру бойынша жаңа кезеңге өтті

08.06.2023

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Eni компаниясының Бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде Гибридті электр стансасының жобасын бірлесіп іске асыру қағидаттары туралы келісімге қол қойды.

Еліміздегі бұл бірегей жоба ҚМГ-нің өңірдегі еншілес компаниялары үшін тұрақты электр энергиясын өндіретін және жеткізетін қуаты 50 МВт күн электр стансасы, қуаты 77 МВт жел электр стансасы және қуаты 120 МВт газ электр стансасынан тұрады.

Жоба Eni компаниясының халықаралық индустриялық тәжірибесін қолданып, түрлі технологиялардан тұратын новаторлық гибридті кешен салуды көздейді. Атап айтқанда, еншілес кәсіпорны Eni Plenitude әзірлеген жаңартылатын энергия көздері негізінде жұмыс істейтін заманауи электр стансалары және қуат көзін теңестіретін (маневрлі қуат) газ электр стансасы. Бұл жалпы Маңғыстау облысын электрмен қамтуды әртараптандыруға және көміртек ізін азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, жоба өңірдегі білікті мамандарды жұмыспен қамтуға жаңа мүмкіндіктер береді.

«Бүгін серіктестерімізбен аталған келісімге қол қою рәсімі Мемлекет басшысының қатысуымен өтуі айрықша мәнге ие. Өйткені бұл жоба Президенттің экономиканы декарбонизациялау және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмасына сай жүзеге асырылып отыр. Eni-дегі әріптестерімізбен жемісті жүргізілген келіссөздердің арқасында бүгін біз Қазақстан энергетикасы үшін аса маңызды жобаның іс жүзінде орындалу кезеңіне қадам бастық», — деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Eni компаниясы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласында өзінің еншілес ұйымы Plenitude Arm Wind арқылы жұмыс істейді. Компания Ақтөбе облысында жалпы белгіленген қуаты 96 МВт болатын екі жел электр стансасы — Бадамша-1 және Бадамша-2 сияқты бірнеше жобаны жүзеге асырды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының Шәуілдір кентінде қуаты 50 МВт күн электр стансасы салынып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>