Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Eni Жаңаөзенде гибридті электр станциясын салу туралы шешімге қол қойды

18.01.2024

18 қаңтарда Римде (Италия) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және Eni S.p.A. (Eni) Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды.

Екіжақты құжатқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Eni-дің Бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци қол қойды.

Жоба Eni Plenitude еншілес компаниясымен бірлесіп Жаңаөзен қаласында жел (77 МВт) және күн электр станциясын (50 МВт), сондай-ақ қуаты 120 МВт газ электр станциясын салуды көздейді. Бұл бастама ҚМГ-нің өңірдегі өндірістік нысандарын электр қуатымен тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дәл мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылатын болады.

«Жоба бизнес бағыттарды әртараптандыру және ҚМГ мен Eni қызметінде көміртегі ізін азайту жөніндегі мақсаттарға сәйкес келеді. Бұл өз кезегінде компаниялардың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Жоба 2025 жылдың соңында толық қуатына шығады деп жоспарланған. Құрылыс кезеңінде жұмысқа тартылатын қызметкерлер саны 800 адамға дейін, ал іске қосылғанда 80 адамға дейін жетеді.

Айта кететіні, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ гибридті электр станциясын салу жобасын ҚР қабылдаған 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасының мақсаттарына сәйкес іске асыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>