Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Exxon Mobil ортақ жобаларының іске асырылу барысын талқылады

04.10.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Exxon Mobil компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесті.

Жиында ортақ жобаларды іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 40 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретін Сағалық қысымды басқару жобасы/ Болашақ кеңейту жобасы бойынша басталған құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Тараптар Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы сенімді мұнай экспортын қамтамасыз етудің маңызын, сондай-ақ экспорт маршруттарын әртараптандыру, оның ішінде Баку–Тбилиси–Джейхан (БТД) бағыты бойынша бірлесе атқарылған жемісті жұмысты атап өтті.

Қазақстанда мұнай химиясы саласының даму қарқынына орай, Газ бөлу кешенінің құрылысы жобасының маңызы арта түседі. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» полиэтилен өндіру жобасын қолға алғаны белгілі. Болашақ зауыт шикізат ретінде Газ бөлу кешенінде ТШО құрғақ газынан алынған этанды қолданады.

Сондай-ақ, кездесуде Қашағанды игеру барысы қарастырылды. Кен орнын игеру кезеңдерін уақтылы орындау мәселесі стратегиялық маңызға ие екені атап өтілді.

«Біз компаниялар арасындағы серіктестік пен сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. «ҚазМұнайГаз» бірқатар стратегиялық бағыттар бойынша Exxon Mobil компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейді», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>