Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрақты операциялық және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізді

23.08.2024

2024 жылы 23 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ KASE Қазақстан қор биржасында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелері бойынша онлайн форматта Эмитент күнін өткізді.

Есепті кезеңнің қорытындысын шығарып, сұрақ-жауап сессиясын ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Д. Арысова, Тасымалдау және логистика департаментінің директоры Е.Меңдібаев, Өндіруші активтер басқармасының бастығы Ж. Жөкебаев және Өндірісті жоспарлау, бизнесті автоматтандыру және реинжиниринг басқармасының бастығы М. Игисенова жүргізді.

Компания Эмитент күнін IPO-ға шыққаннан кейін KASE алаңында екінші рет өткізді. KASE-де Компанияның еркін айналымдағы акцияларының негізгі көлемі саудаланады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының өндірістік нәтижелері тұрақты серпінді көрсетті. Есепті кезеңде мұнай өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға тәулігіне 497 мың баррельге немесе 12,0 млн тоннаға дейін өсті. Мұнайды магистраль және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 6,2%-ға, яғни 41,7 млн тоннаға дейін ұлғайды.  Бұл ретте МӨЗ-дерде өңдеу көлемі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,9% - ға қысқарып, 8,9 млн тоннаны құрады.

Есепті кезеңдегі қаржылық көрсеткіштер де оң динамиканы көрсетті. Компанияның түсімі 4,2 трлн теңгені құрады, ал таза пайда 550 млрд теңгеге жетті, бұл негізінен, Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 5,5 пайызға өсуі есебінен, тиісінше 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 7,5 пайызға және 12,5 пайызға жоғары. Сонымен қатар, EBITDA көрсеткіші 977 млрд теңге болды, негізінен Румынияның Петромидия зауытында жеңіл гидрокрекинг қондырғысының кеш іске қосылуы және оның биыл наурыз айында жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтауы себебінен 12,4%-ға қысқарды.

Есепті жылдың маусым айында Компания 2023 жылдың нәтижелері бойынша өз акционерлеріне 300 млрд теңге немесе бір жай акцияға 491,71 теңге мөлшерінде дивиденд төледі. Компания мұндай рекордтық дивидендтерді екінші жыл қатарынан төлеп отыр.

«ҚМГ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өзінің дамуы мен алған міндеттемелерін тиісінше орындаудың теңгерімді бағытын жалғастыра отырып, тұрақты операциялық және қаржылық көрсеткіштерге жетті», - деп Басқарма Төрағасының орынбасары Д.А. Арысова атап өтті.

Есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілік, қаржылық баспасөз хабарламасын және презентация Компанияның веб-сайтында және KASE және AIX биржаларында жарияланды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>