ҚМГ мен қытайлық CVC қалдықтарды өңдеу саласында ынтымақтастық орнатты
02.07.2024
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және China Venture Capital (CVC) қауіпті қалдықтарды өңдеу және залалсыздандыру саласында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов және China Venture Capital (CVC) аға кеңесшісі Сунь Ян қол қойды.
Тараптар ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарының мұнай кен орындарын пайдалану кезінде пайда болатын қауіпті қалдықтарды (мұнай шламдарын) пиролиз әдісімен өңдеу және залалсыздандыру мүмкіндіктерін зерттеуде ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.
Ақпарат үшін:
China Venture Capital Company, Limited компаниясының негізі 1985 жылы қаңтарда қаланды. Ол – CITIC Group құрамына кіретін CITIC Capital Holdings Limited ұйымының еншілес холдинг компаниясы. Компания қызметін негізгі төрт бағытта жүргізеді: қорларды басқару, жаңартылатын энергия көздері және экология, жоғары технологиялар мен инновациялар және жеткізу тізбегі қызметтері.