Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен CNPC стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету бойынша негіздемелік келісімге қол қойды

02.07.2024

2 шілдеде Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) мұнай-газ саласында стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету бойынша негіздемелік келісімді қабылдады.

Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен CNPC Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулян Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің жетінші отырысы аясында қол қойды.

Негіздемелік келісім тараптар Орталық Өріктау кен орнында өндірілген көмірсутек шикізатын Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде (СНПС-Ақтөбемұнайгаз) өңдеу мүмкіндіктерін зерттеуді көздейді.

Бұдан басқа, тараптар мұнай-газ химиясы, сондай-ақ Каспий маңы алабында мұнай мен газды барлау мен өндіру жобаларына, жер қойнауының жаңа учаскелеріне геологиялық барлау жүргізуге қатысты ынтымақтастық перспективаларын зерделеуге ниетті.

Сонымен қатар тараптар мұнай және газ кеніштерін барлау мен игеру технологияларын алмасу бойынша Қазақстан-Қытай семинарларын жыл сайын өткізуді, қызметкерлерді даярлау мен тәжірибе алмасуда ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>